«Көксу» сервистік-дайындау орталығы жұмысын қарқынды жалғастырып жатыр.
«Көксу» сервистік-дайындау орталығы жұмысын қарқынды жалғастырып жатыр.
Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпасын Көксу ауданындағы ұсақ шаруашылықтар түсініп қалды. Небәрі 20 гектар жері бар Мұратбек Сыдықбаев та солардың қатарында. Биыл ол азын аулақ алқабына соя егіпті. Тозған техникамен көп жұмыс бітіру қиын деп отырғанда көмекке сервистік дайындау орталығы келді. Енді күзгі жиын терін кедергісіз өтетін болды. Көксу сервистік орталығы тек ұсақ шаруашылықтарға ғана емес ірілеріне де қол ұшын беруде. Егін шаруашылығымен етене араласып келе жатқан Ескелді ауданындағы Ескелді өндірістік кооперативі де орталықтың техникасы мен мамандарын пайдалануда. Қазір олар мал азығын дайындап жатыр. Енді біраз күнде қант қызылшасы мен соя жинау науқаны басталады. Сервистік орталық оған да көмекке келеді. «Көксу» сервистік дайындау орталығына биыл 1 комбайн, 1, КАМАЗ, 5 трактор сепкіш, соқа, тырма сияқты басқа да қосалқы бөлшектерімен алынды. «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан МТС құруға бірінші кезеңде 115 млн теңге бөлінді. Орталық ауданда бірнеше қожалықтың басын біріктіріп Елбасының ірілендіру саясатын бастап кетті. Келер жылға тағы да қосыламыз дегендері де бар. Сервистік дайындау орталығы алдағы жиын терін науқанын былтырғыдан ертерек аяқтауға үлкен үлес қоспақ. Көксуға көрші Ескелді ауданына да көмек көрсетпек. Ал Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы дәл осындай бастамаларды өзге аудандарда қолға алмақ.