«Жетісу» ӘКК Талдықорғанда азық-түлік бағасын тұрақтандыруда

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруда «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да қарқынды жұмыс жасап жатыр. Жер-жерде әлеуметтік дүкендер ашып, жылжымалы дүмбіршіктер қоюда. Корпорация өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасын жасап құжат облыстық мәслихатпен мақұлданған. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңіне облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгінгі таңда бұл қаражаттың 70 пайызы игеріліп отыр. 

«Жетісу агро сауда» серіктестігінің еншісінде бүгінде 12 автосөре мен 6 дүкен бар. Көк базар мен коммуналдық базарда да бір-бір нысан ашылған. Серікетстік қазіргі таңда Талдықорғанда әлеуметтік маңызы бар бірнеше тауардың бағасына ықпал етіп отыр. Атап айтқанда күнбағыс майының бір литрі базарда орта есеппен 331 теңге болса мұнда 295 теңге. Күріш келесінің Талдықорғанда орташа бағасы 155 теңге болса Жетісу агро сауда 135 теңгеден ұсынып отыр. Сол сияқты қанттың 1 килограммы 226 теңге болса әлеуметтік дүкендерде 210 теңге. Ал макарон өнімдерінің бір келесі Жетісу агро сауда нүктелерінде 100 теңгеден. Тұрақтандыру қорының  сауда орындарында мал және құс еттерінің бағасы  да әлде қайда төмен. Мұны жергілікті тұрғындар да байқап қалды. Бүгінгі таңда Жетісу агро сауда 280 млн теңгенің өнімін сатып алып, қоймаларға сақтап қойды. Сондай ақ облыстағы ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындармен келісім шарттар жасасуда. өзара қажет тауарлармен алмасып отыру үшін. Мысалы бүгінде 30 млн теңгенің құс етін жүгерімен айырбасатуға келісім бар. Жетісу агро сауданың тұрақты дүкендері қаладағы халықтың ең тығыз қоныстанған жерлеріне орналасқан. Бағаны тұрақтандыру үшін қолдағы бар мүмкіндік пайдалануда. Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бір жағынан тауарды арзан бағамен ұсынып жатса, енді бір жағынан қыс көктем айларына картоп пияз қырыққабатты  қажетті мөлшерде  сатып алып, сақтауға жөнелтіп жатыр. Жуанның жіңішкеріп жіңішкенің үзілетін кезеңінде облыс тұрғындарының қажеттілігін өтейтін болады.